«Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу» атты аудандық іс – шара өтті.

19.01.2023  қаңтарда мектебімізде Бурабай аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас маманы А. А.Ташпенованың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық  қол сұғылмаушылықтың алдын алу» атты аудандық іс – шара  өтті.

Бұл іс – шараның  мақсаты – студенттерді зорлық – зомбылық  мінез – құлыққа  бейімділігін қалыптастыратын жағымсыз әлеуметтік құбылыстармен таныстыру.

         Бурабай ауданының психологы Деш Н.Қ. балаларды зорлық – зомбылықтың  себептерімен, зорлық – зомбылықтың  жіктелуімен таныстырды.

         Балалардың адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды құрметтейтін бейбітшіл азамат болуын қаласақ, олардың құқықтарының бұзылуына төзбеушілікті тоқтатып, балалардың  зорлық – зомбылықсыз  ортада өсуіне жағдай жасауымыз керек.